Факторинг платформасында Со-Фактор үшін ықтимал тәуекелдер
Біздің платформа арқылы қаржыландыру жеткізушілерден сатып алушыларға ақшалай талаптарды басқаға беруді қаржыландыру есебінен табыс алуды көздейді.
Тәуекелдерді азайту бойынша барлық шараларға қарамастан, олардың бар екенін түсіну маңызды. Төменде назар аударған жөн негізгі факторлар келтірілген.
1. Төлемнің кешігу тәуекелі
Кез келген қаржыландыру түріндегідей, ақшаны қайтарудың кешігу тәуекелі бар:
- егер мемлекеттік орган төлемді кешіктіріп төлесе;
- егер жеткізуші тауарды уақытында жеткізбесе;
- егер ақша арнайы шотта «ілініп қалса».
Жеткізушінің және борышкердің қаржылық жағдайы уақыт өте өзгеруі мүмкін. Біз мәміле қатысушыларын жасасу сәтінде бағалап, тексереміз, бірақ ертең олармен не болатынын болжай алмаймыз.
Тәуекелдік сценарий орын алған кезде біздің заңгерлік серіктестер мәмілені сүйемелдеп, істі сот шешіміне дейін жеткізеді. Әрі қарай өндіріп алумен МСО/ЖСО айналысады — және төлемді жылдамдата алмаймыз.
2. Шектеулі өтімділік
Факторингтік мәмілелерді қаржыландыру, әдетте, қысқа мерзімді. Мәмілені аяқталғанға дейін одан шығу мүмкіндігі шектеулі. Міндеттемелер өтелмей тұрып қаражатты алу мүмкін емес.
3. Жеткіліксіз әртараптандыру
Егер Сіз барлық соманы бір мәмілеге немесе аз санды мәмілелерге салсаңыз — тәуекелдік оқиғалар орын алған кезде портфельдің табыстылығының төмендеу қаупіне ұшырайсыз. Біз жекелеген мәмілелерге жалпы портфельдің 5–10%-нан асырмай салуды ұсынамыз.