🔹 Факторинг дегеніміз не?

Факторинг — бизнес үшін, Тапсырыс беруші КЕЙІН төлесе де, ҚАЗІР ақша алудың қарапайым тәсілі.

Әлемде факторинг — бизнесті дамыту бойынша №1 құрал.
Оны барлық деңгейдегі компаниялар қолданады: шағын бизнестен бастап Apple, Samsung, Nestlé және басқа алыптарға дейін.

🔹 Факторинг неге қажет?

Ол бизнестің басты мәселесін шешеді — төлемдердің кейінге қалдырылуынан айналым қаражатының жетіспеуі.

Тіпті төлемнің 5–10 күн кешігуі — бұл жіберілген пайда.

💡 Айналымдылық — өсудің кілті.

Жеткізуді жылдамдатуға болатын болса, төлем мерзіміне әсер ету қиын.

Дәл осы жерде факторинг көмектеседі.

✅ Классикалық факторинг — мысал:

  • Тауардың өзіндік құны: 800 000 ₸
  • Сату бағасы: 1 000 000 ₸
  • Жеткізу мерзімі: 15 күн
  • Төлемді кейінге қалдыру: 30 күн

Факторингсіз:

45 күнде 1 айналым →
Пайда: 200 000 ₸

Факторингпен:

45 күнде 3 айналым →
Пайда: 200 000*3 – (3 × 800 000 × 4%)= 504 000 ₸

📌 Сіз 2,5 есе көп табыс табасыз.

Комиссия — төлем фактісіне байланысты

Классикалық факторинг Тапсырыс берушіден төлемнің шынайы қашан түсетінін ескереді:

  • 💸 Ертерек төлесе — комиссия аз
  • Кеш төлесе — комиссия сәл көп

Қайтару жоқ (регресс жоқ) — ақша Сізде қалады.
Егер Тапсырыс беруші төлемді кешіктірсе, біз оны Сізге тегін Тапсырыс берушіден өзіміз өндіріп аламыз.

✅ Актіні сату — одан да қарапайым:

  • Өзіндік құны: 800 000 ₸
  • Сату бағасы: 1 000 000 ₸
  • Жеткізу мерзімі: 15 күн
  • Төлемді кейінге қалдыру: 30 күн

Актіні сатпай:

45 күнде 1 айналым →
Пайда: 200 000 ₸

Актіні сатумен:

45 күнде 3 айналым →
Пайда: 200 000*3 – (3 × 50 000)= 450 000 ₸

💥Ешқандай тәуекелсіз!

Егер Тапсырыс беруші төлемді кешіктірсе — бұл енді біздің қамымыз, Сіздің емес.

🟢 Қорытынды:

Орташа есеппен, біздің платформаның Клиенттері табыстылықты 3–4 есе арттырады, өйткені:

  • Актіге қол қойылғаннан келесі күні төлемді алады;
  • Жаңа тендерлерге дереу қатыса алады;
  • Пайданы қосымша салымсыз арттырады.